Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Талғарда қатып қалған құбырларды көлік дөңгелегін жағып жылытқан (ВИДЕО)

Осылайша, әкімдіктегілер құбырды жылыту және ауыл тұрғындарына үздіксіз су беру үшін баллондарды жағуға мәжбүр болғанын түсіндірді.

Талғарда қатып қалған құбырларды көлік дөңгелегін жағып жылытқан (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Алматы облысы Талғар ауданының әкімдік қызметкерлері қатып қалған құбырларды жылытудың ерекше тәсілін ойлап тапқан. Видео әлеуметтік желілерде пайда болды, деп хабарлады paryz.kz.

Видеодан жұмысшылардың құбыр маңында резеңке баллондарды жағып жатқанын көруге болады.

"Сіз газ құбырларының маңында темекі шегуден қорықтыңыз. Міне, адамдар от жағып жатыр. Бесқайнар ауылдық округіндегі жағдай", - делінген видеоның сипаттамасында. 

Ал әкімдіктің баспасөз қызметі өкілдерінің де өз уәждері бар екен.

"Қотырбұлақ ауылын сумен жабдықтау көзі - өзен. Су құбыры желісін 2015 жылы мердігер ұйым салған болатын. Облыс бойынша ауа температурасының төмендеуіне байланысты үсік жүрді", - дейді шенеуніктер.

Әлеуметтік желі қолданушылары да видеоға қатысты өз пікірлерін жазып жатыр. Бірі "Талғар Су" серіктестігі басшысын жұмыстан қуу керек десе, енді бірі елді мекеннің экологиялық мәселесіне алаңдаған. "Айыппұл салынғанын күтеміз", "Ештеңе етпейді, кешірім сұрап құтылады және бұл ел Еуроодаққа өткісі келеді", "Бұлар осымен 3-күн істеп жатыр" деп жазған.  

Осылайша, әкімдіктегілер құбырды жылыту және ауыл тұрғындарына үздіксіз су беру үшін баллондарды жағуға мәжбүр болғанын түсіндірді.