"Осыған байланысты кейбір сервис уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін", - делінген enpf.kz сайтындағы хабарламада.
Қазақстандықтар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) сайтына кіре алмай жатыр, деп хабарлады paryz.kz.
БЖЗҚ баспасөз қызметінің өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді. Қор мәліметіне сенсек, сайтта техникалық ақаулар пайда болған. Бірақ кейбірі порталға кіріп жатыр екен.
"2021 жылдың 2 қаңтарынан 4 қаңтарға дейін қордың корпоратив сайтында, мобильді қосымшада және жеке кабинетте техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты кейбір сервис уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін", - делінген enpf.kz сайтындағы хабарламада.