Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қызды секс-құлдыққа итермелеп, ұрып соққан қыздарға қатысты полиция пікір білдірді

Алматы полициясы қызды жыныстық құлдыққа тарту үшін ұрып-соққан қыздарға қатысты істі тоқтатты деген қауесетке жауап берді, - деп хабарлайды Paryz.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызды секс-құлдыққа итермелеп, ұрып соққан қыздарға қатысты полиция пікір білдірді
Фото: видеодан скриншот

"Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" және 194-бабы "Бопсалау" бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысында оқиғаның барлық қатысушысы мен куәгері анықталды. Басты күдікті белгілі болды. Қазір жан-жақтылық, толықтық және объективтілік қағидаттарын қатаң сақтай отырып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қызды ұрып-соғып жатқан бейнеге қатысты тергеу оқиға 2022 жылдың желтоқсан айында Шымкент қаласында күдікті мен оның танысының қатысуымен болғанын анықтады. Алайда бұл дерек бойынша полицияға шағымдар түскен жоқ. Полицейлер жәбірленушіні іздестіріп жатыр.

Тергеу барысы Алматы қалалық полиция департаментінің басшылығының бақылауында", - деді полиция департаментінің қызметкерлері.