«VIP беташар»: тойда уыстап ақша шашқандар желіде қызу талқыға түсті (видео)

Әлеуметтік желіде беташарда уыстап ақша шашқан қонақтардың видеосы тарады. Желідегілер той қонақтарының бұл әрекетін қызу талқыға салды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«VIP беташар»: тойда уыстап ақша шашқандар желіде қызу талқыға түсті (видео)

Видео dauletten парақшасында жарияланды.

"VIP беташар деген осындай бола ма", - деп жазылды парақшада.

Ал желі қолданушылары тойдағылардың бұл әрекетіне байланысты әртүрлі пікір қалдырды.

"Қолыңда бар болса, неге осындай той жасамасқа", "Артық шашылу", "Ысырап", "Қандай керемет той", "Қазақ өмір бойы тоймен алысып өтетін болар", "Дұрыс емес", "Осыларды көрген басқалар да осылай шашылғысы келеді", - деп жазды желідегілер.