Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

«5 жігітпен жатасың деді»: Алматыда 7 қыз жабылып қорлаған бойжеткен терезеден секіріп кетті

Алматыда 20 жастағы бойжеткенге жеті қыз жабылып ұрып-соғып, қоқан-лоқы көрсеткен. Ол аздай, оларға тағы бір жігіт қосылып, қызды зорламақ болған. Жәбірленуші қашып құтылу үшін ғимараттың 3-қабатынан секіріп кеткен, деп хабарлайды Paryz.kz Астана арнасына сілтеме жасап.

«5 жігітпен жатасың деді»: Алматыда 7 қыз жабылып қорлаған бойжеткен терезеден секіріп кетті
Фото: видеодан скриншот

Телеарна хабарлауынша, жаға ұстатарлық оқиға Алматыдағы Абылай хан көшесінің бойында тәулікке жалға берілетін үйлердің бірінде болды. Қалаға арман қуып, жұмыс істеуге келген жас қызды құрбысының таныстары алдап үйінен шығарып, артынша соққыға жығып, қинап, жөзекшелікке итермелеген. Ал бойжеткен ондай теріс жолға түскеннен, өлім артық деп биіктен секіріп кетті. Абырой болғанда, аман қалды.

Аты-жөнін атамауды жөн көрген қала тұрғыны 2 айға жуық уақыт төсекке таңылып жатыр. 20 жастағы бойжеткен жантүршігерлік оқиғадан кейін аяғына тік тұра алмайды. Оның қолы, саусақтары, екі аяғы мен арқасы сынып, зақымданған, миы шайқалған.

Мен саған 2 сағат беремін, 2 сағатта 100 мың теңге қойып бересің маған деді. Олардың қолында пышақ тұрды да олар айтты 5 жігітті кіргізіп беремін осы квартираға солармен жатасың деп айтты осындай бір приложениямен жұмыс істейсің деді, істемеймін деп қоймай қойдым. Сол кезде квартираға бір еркек келді, сосын Аружан деген қыз тұрды да мына қызды ал да кіре бер деп айтты. 10 мың теңге деді… Сол кезде не істерімді білмедім да кухняға қарай шықтым, терезе ашық тұр екен. Мен секіріп кеттім ол терезеден, дейді жәбірленуші. 


Анасының айтуынша, қыз шошып қалған, түнде дұрыс ұйықтай алмайды. Төсекке байланған сәттен бері өзі жұмыстан шығыпты. Құзырлыларға жүгініп, көмек сұраған. Алайда іс бір орында тұр. 

Өмір сүргім келмейді анашым, сізге масыл болдым деп жылайды болды. Тұруға болмайды деді врачтар. + жүз звондадым, Алмалинский РОВД-ға. Заявление жаздым, біреуі қаралып жатыр дейді, біреуі ондай заявление жоқ деді, біреуі тексеріп жатыр. Мен 18 күні барғанда ешқандай заявление болмаған бәрін утилизацияға жібере салған, архивқа дейді. Не себепті сіздер жібересіздер дегенде, сіздің қызыңыз қол қойып берді ешкімге шағымданбаймын деп деді. Мен айттым қызымның қолы сынған, қалай сіздерге жазып береді?, дейді жәбірленушінің анасы. 

Ал Алматы қалалық Полиция департаментінің ақпаратынша, қазір бұған қатысты тергеу жүріп жатыр.

Бұл іске қатысты қылмыстық іс тіркеліп, Алмалы аудандық полиция Басқармасымен тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Объективті жағдайлар анықталуда. Қазіргі уақытта іс жүргізу аясында кешенділік, толықтық және объективтілік қағидаттарын қатаң сақтай отырып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу барысы Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында, дейді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Зардап шеккен бойжеткен мен оның туыстары бұзақыларды жазалап, әділетті іс жүргізуді талап етіп отыр. Жәбірленуші ұзақ уақыт ем қабылдап, оңалту шараларынан өтуі керек. Алайда дәрі-дәрмек пен емге кететін шығын оларға а үлкен салмақ салуда. Себебі көпбалалы отбасында тек әкесі жұмыс жасайды.