Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты А.-ға қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Сот 2023 жылғы 14 маусымда А. Алматы қаласының көшелерінде автокөлік айдап жүріп, жол таңбасының қос тұтас сызығы арқылы бұрылғанын және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамағанын анықтады.
Сот отырысында А. іс материалдарында баяндалған фактілерді растап, өкініш білдірді, - делінген хабарламада.
Сот қаулысы бойынша А. ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігінде (жол таңбасының қос тұтас сызығы арқылы бұрылу) және ӘҚБтК-нің 667-бабы 1-бөлігінде (полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамау) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот А.-ны 15 (он бес) тәулікке әкімшілік қамауға алды және 6 (алты) ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.