Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

ҚАЗЫБЕК ИСА: «Соттағыштар мықты болса, о дүниеге барып, әруақтардан жауап алып келсін...»

Парламент Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса «Paryz.kz» ютуб арнасына берген сұхбатында «Қаңтар шындығы айтылмаса, билікке сенім болмайды...» деді.

ҚАЗЫБЕК ИСА: «Соттағыштар мықты болса, о дүниеге барып, әруақтардан жауап алып келсін...»
Сурет: janabastau.kz

Кез келген мемлекеттік төңкерісті көшедегі жабайы Армандар емес, қолында құзыры бар, ықпалды, лауазымда болған адамдар жасайды.

«Қаңтар таргедиясынан соң, депутат Азат Перуашев екеуіміз Алматы, Талдықорған, Шымкент, Қызылорда  мен Таразда қамауда тергеліп жатқан қазақтың өрімдей жас жігіттерімен кездесіп, тілдестік. Бұл енді Қаңтар қасіреті болып, тарихта қалды.Жақында Қаңтар құрбаны Айкөркемнің әкесі келді. Тағы баласы сол Қаңтарда қаза тапқан баланың әкесі келді. Бала қаза тапқан соң, істі қысқартса болады ғой? Ата-ана үшін бала қазасынан артық қасірет жоқ. Одан құдай сақтасын. Ал, енді қараңыз: баласынан айрылып, қан жылаған ата-ана үшін баласының әруағын үкімет соттағаннан артық масқара бар ма? Бұл енді сұмдық.  

Қаза тапқан адамнан не сұрайды? Қалай сұрайды? Өлген адамның адвокаты болуы керек емес пе? Өлген адам сот тергеуінде, сот жарыссөзінде, соңғы сөзінде не дей алады? Осындай жалған есеп пен абыройсыз формализмді тоқтату керек. Олай болса, біздегі сотқұмарлар о дүниеге барып жауап алып келсін»- дейді Қ.Иса.

  Толығырақ арнамыздан көріңіздер