Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"ҚазМұнайГаз" басшысы Павлодар мұнай химия зауытындағы жөндеуді 19 шілдеге дейін аяқтауды тапсырды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапарымен Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) барды. ҚМГ басшысы жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, зауыттың өндірістік міндеттерін орындауы бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Paryz.kz.

"ҚазМұнайГаз" басшысы Павлодар мұнай химия зауытындағы жөндеуді 19 шілдеге дейін аяқтауды тапсырды
Сурет: www.kmg.kz

ПМХЗ-дағы жоспарлы алдын алу жөндеу жұмыстары биыл 20 маусымнан 19 шілдеге дейін жалғасуы тиіс. Кеңес барысында М.Мырзағалиев Қазақстанда отын нарығындағы қазіргі жағдай тұрақты, әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерінен тапшылық жоқ екенін атап өтті. ҚМГ басшысы зауытты уақтылы іске қосу үшін барлық жоспарланған жұмыстың қауіпсіз әрі сапалы түрде жүзеге асырылуына айрықша көңіл бөлді. Сондай-ақ, зауыт басшылығына жөндеуді мерзімінен бұрын аяқтау мүмкіндігін қарастыру тапсырылды.

ПМХЗ бірінші жартыжылдықта шамамен 2 млн 772 мың тонна шикізатты өңдеді, 790 мың тоннадан астам бензин, 947 мың тоннадан астам дизель шығарды. Битум бойынша өндіріс көлемі 128 306 тонна, мазут — 287 592 тонна, сұйытылған газ — 157 765 тонна, ал авиа отын 97 827 тонна көлемінде өндірілген.

ҚМГ Басқарма төрағасы өндірістік бағдарламаның орындалуы бойынша баяндаманы тыңдап, ПМХЗ-да ғана емес, Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) АИ-95 бензинінің барынша көп шығарылуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, елдің оңтүстігін қамтамасыз ету міндеттемесін ескере отырып, АИ-95-ті тұрақты түрде жөнелтуге басымдық беру керектігіне назар аударылды.

Кеңесте Павлодар мұнай-химия зауытындағы жобаларды жүзеге асыру барысы қаралды.

«Өңдеуге түсетін мұнайдың сапасы, өнім сапасына қойылатын талаптардың артуы және қысқы дизель отынын өндіру перспективасы – ПМХЗ үшін басым бағыттардың бірі. Бұл ретте жақында Мемлекет басшысына таныстырылған дизель отынын гидротазарту қондырғысын реконструкциялау және сутегін өндіру қондырғысын салу жобалары ҚМГ-нің «жасыл» энергетиканы дамыту бағытындағы бастамалары қатарында ерекше маңызға ие», — деп атап өтті М.Мырзағалиев.

ҚМГ басшысы аталған екі бастама және сұйытылған көмірсутекті газдарды тазарту қондырғысын салу бойынша жоспарланған іс-шараларды сапалы әрі уақтылы орындауды тапсырды.

Сонымен қатар, кеңесте битум өндірісін ұлғайту және жөнелту, аутсорсингті қайтару және ұзартылған жөндеу аралық кезеңге көшу мәселелері талқыланды.