Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Дипломмен тұрмысқа». Желіде той көйлегімен диплом алған түлектің видеосы тарады (ВИДЕО)

Қазнетте Көкшетаудағы Шоқан Уәлиханов атындағы университеттегі диплом алу рәсімінде түсірілген видео тарап кетті. Әлеуметтік желі қолданушыларының назарына салтанатты шараға той көйлегімен келген түлек түсті, деп хабарлайды Paryz.kz Massaget сайтына сілтеме жасап. 

«Дипломмен тұрмысқа». Желіде той көйлегімен диплом алған түлектің видеосы тарады (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Диплом алу рәсімінде университет бітірушілері мантия киген, алайда араларында бір қыз ақ той көйлегімен келіп, басқаларымен бірге дипломын алады. Оның ерекше кейпі Қазнетте белсенді талқыланды. Бұл ролик 400 мыңға жуық қаралым жинап, оның астына 150-ден аса пікір қалдырылған.

"Дипломмен тұрмысқа болып тұр ғой", "Есесіне, макияж бен көйлек дайын", "Екі есе көрімдік", - деп қалжыңдап жатыр әлеуметтік желі қолданушылары.

Tengri Life редакциясына университеттің баспасөз қызметі түлектің салтанатты шараға шынымен де той көйлегімен келгенін растады. Оның есімі - Айнұр Жолтаева. 23 маусымда ол биология мұғалімінің дипломын алды.

"Біз тойды жоспарлаған кезде диплом алу рәсімі басқа күнге белгіленген болатын. Алайда менің өмірімдегі екі маңызды сәт бір күнге - 23 маусымға сай келіп қалды. Таңертең ертемен макияж бен шаш үлгісін жоспарлап қойған болатынмын, сағат 10:40-та диплом алуға жүгіріп келіп, ары қарай тойға кеттім", - дейді Айнұр.

Қыз оны видеоға түсіріп жатқанын және оның желіде танымал болып кеткенін білмеген. Айнұр болашақта мамандығы бойынша жұмыс істегесі келетінін және бос уақытында серігімен бірге әлем аралағысы келетінін айтты.