Орал қаласында 37 жастағы әйел алты күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Наталья Бондарь 20 маусым күні сағат 09.45-те Исатай – Махамбет көшесіндегі үйінен шығып кеткеннен оралмаған.
«Әйелдің бойы 160-165 см, шашы күрең, қысқа, көзі көгілдір. Үстіне сары көйлек киген. Бұрын да кетіп қалып отырған. БҚО Полиция департаментіне оның жоғалып кеткені туралы хабар 23 маусым күні түскен. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Ақпарат білген адамдардың Орал қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне 8-7112-28-33-96, 21-17-19 телефон нөмірлеріне хабарласуы сұралады», - деді ведомстводан.