Қазақстанда жеке куәлікті алғаннан кейін саусақ іздері міндетті түрде енгізізілетін болды, деп хабарлады paryz.kz.
Cаусақ іздерін, геномдық ақпаратты жинау, өңдеу және қорғауды көздейтін «Саусақ іздері және геномдық тіркеу туралы» заң 1 қаңтарда қабылданып кетті. Заңға сәйкес, 16 жасқа толған Қазақстан азаматтары, шетелдіктер мен қылмыскерлер саусақ іздерін тапсыруға міндетті болады. Ал 12 жастан асқан балалардан саусақ іздері ата-анасының немесе қамқоршысының келісімімен алынады.
Саусақ іздері туралы мәліметтер жеке куәліктің чипіне және паспортқа енгізіледі. Одан бас тарту 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. 1 АЕК – 2917 теңге. Ал ДНҚ үлгілері саусақ іздерімен бірдей мәліметтер базасында сақталады.
Тағы оқи отырыңыз: Енді Қазақстан азаматтары саусақ іздерін тапсыруға міндеттелуі мүмкін
ІІМ мәліметінше, саусақ іздерін міндетті түрде алу қылмыстың ашылу деңгейін арттырады.