Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

"Билік осылай істесек қана назар аударады": Түркістан облысында бір топ әйел жолды жауып тастады

Жергілікті билікке шағымдарын айтып жүгінген оларға жауапты адамдар 31 қарашаға дейін су да, газ да болады деп уәде берген. Тұрғындар осы сөзге сеніп, көмір де алмаған. 

"Билік осылай істесек қана назар аударады": Түркістан облысында бір топ әйел жолды жауып тастады
фото: дереккөз

Түркістандағы Баянауыл шағын ауданының бір топ тұрғыны жолды жауып тастады деп хабарлады paryz.kz, "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Халық тек осындай әрекеттен кейін ғана жергілікті билік олардың коммуналдық мәселелеріне назар аударады деп санайды. Өздеріне назар аударту үшін әйелдер бүгін Түркістан-Қызылорда бағытындағы жолды жауып тастаған. Олар шыдамның таусылғанын айтады.

Жергілікті билікке шағымдарын айтып жүгінген оларға жауапты адамдар 31 қарашаға дейін су да, газ да болады деп уәде берген. Тұрғындар осы сөзге сеніп, көмір де алмаған. 

Мәселені шешу үшін әкімдіктің бірнеше қызметкері келген.

"Ертең біз газды қосу жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз. Суға келетін болсақ, желідегі апаттың салдарынан біз үйлерга су жалғап үлгермедік. Енді 20 күн ішінде қажеттінің барлығын жасап береміз", - дейді Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Керімжанов.

Айта кетейік, Баянауыл шағын ауданында мыңнан астам адам тұрады.