Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Путиншіл Лепстің Қазақстандағы концерті өтпейтін болды

Ресейлік әнші Григорий Лепстің концертін өткізу үшін өз алаңын ұсынған Macao Luxury Village Resort іс-шара ұйымдастырушысымен келісімшартты бұзды, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Путиншіл Лепстің Қазақстандағы концерті өтпейтін болды
© РИА Новости / Павел Бедняков

Компанияның хабарлауынша, шешім біржақты тәртіпте қабылданған. Сондай-ақ, билет ақшасын алған жерден қайтарып алуға болатыны хабарланды,

Еске салайық, Лепс 8 шілдеде Қонаев казиносының бірінде өнер көрсетуді жоспарлаған. Концерт билеттерінің бағасы 50 мың теңгеден басталады. Ең қымбат билеттер 1 миллион теңгеге бағаланған.

Қазақстандықтар соғысты қолдайтын әртістің елімізде өнер көрсететініне наразылықтарын білдірді. Бұған дейін Ресей әншілері Николай Басков пен Григорий Лепс украин танктерін жойғаны үшін әрқайсысы бір миллион рубльден төлеуге дайын екендіктерін мәлімдеген.