Ақтау әуежайындағы бетперденің бағасы көптің ашуына тиді (ВИДЕО)

Кадрдан Ақтау әуежайында 1000 теңгеге маска сатылып жатқанын, оның ішінде екі бетперденің барын айтқан ер адамның даусын естуге болады...

Ақтау әуежайындағы бетперденің бағасы көптің ашуына тиді (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Ақтау әуежайындағы масканың құны желі қолданушыларының шамына тиді. Жолаушылардың бірі бетперде салынған пакетті 1000 теңгеге қалай сатып алғанын видеоға түсірген, деп хабарлады paryz.kz

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі kris_p_kz парақшасында жарияланған. Кадрдан Ақтау әуежайында 1000 теңгеге маска сатылып жатқанын, оның ішінде екі бетперденің барын айтқан ер адамның даусын естуге болады.

Сонымен қатар пакеттен басқа да заттарды байқауға болады. Дегенмен ер адам бұған өзінің наразалығын білдіріп, оны желі қолданушылары да бірауыздан қолдай кеткен.

Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген Маңғыстау облысының әкімдігі 1000 теңгеге екі маскадан бөлек, санитайзер мен пен қолғаптар кіретінін жеткізіпті.