Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Жаңаөзенде тағы бір кәсіпорын қызметкерлері наразылыққа шықты

«МунайСпецСнаб Компани»  көлік компаниясының қызметкерлері Қазақстан президентіне, Жаңаөзен әкіміне және "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасарына бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңаөзенде тағы бір кәсіпорын қызметкерлері наразылыққа шықты
Фото: видеодан скриншот

Олар өз үндеулерінде бірыңғай жалақы төлеу жүйесінің 70 пайызын енгізуді және жұмыс орнында ыстық тамақ берілуін талап етті.

Statsnet сервисінің ақпараты бойынша, "МұнайСпецСнаб Компани" –  көлік және қоймалау қызметтерін ұсынатын компания. Маңғыстау облысында тіркелген, 15 жылдан астам уақыт бар жұмыс істеп келеді. Қызметкерлер саны – 250-500 адам. Жылдық кірісі – 16 851 349 000 теңге.