Ене мен келін тақырыбы жайлы Нұрлан имам Instagram парақшасында айтты.
"Бізде көбінесе біз "келін, келін" дейміз. Неге біз өз баламызды (ұлымызды - ред.) айтпаймыз? Неге ұлымызды айтпаймыз? Бізде көбінесе "Келін осындай болуы керек", "Келін міндетті немесе міндетті емес", "Келін былай тұруы керек" дейді. Бала қайда қалды? Бала (күйеуі -ред.) тұлға емес пе? Келін енеге келген жоқ қой. Келін күйеуге келді. Келін күйеуге шықты. Бұл жерде командир ене емес, күйеу болуы керек", - деді Нұрлан имам.