Биыл қаладағы қаңғыбас ит-мысықтың көзін жоюға қазынадан 54 миллион теңге бөлінген. Бұл айғай-шу жыл соңында қалған қаражатты игерудің қамы сияқты.
Тал түсте гүрс еткен мылтық дауысы мен қыңсылаған иттердің дауысы көкшетаулықтардың зәресін ұшырды. Дәл осындай жағдай Тараз қаласында да болған. Сөйтсе, жан-жануарды емдеп, өмірін сақтап қалуға тиіс ветеринарлар ит пен мысықты шетінен қырып жүр екен, деп хабарлады paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Көкшетаулық ветеринарлар бала-шағаның көзінше талай итті қырған. Бүтін бір ықшам ауданның тұрғындары жануарларын аман алып қалу үшін айнала жүгіріпті. Бірақ қару кезенгендерге кезіккен иттің аман қалғаны жоқ. Биыл қаладағы қаңғыбас ит-мысықтың көзін жоюға қазынадан 54 миллион теңге бөлінген. Бұл айғай-шу жыл соңында қалған қаражатты игерудің қамы сияқты. Бірақ ветеринар дәрігерлердің сөзінше, бұл - жылына екі-үш рет күшіктеп, тез көбейетін ит пен мысықты азайтудың амалы. Себебі, биыл иттің адамға шабуына қатысты 1467 дерек тіркелген.
Дәл осындай жағдай Таразда да болды. Қару асынған бір топ адам көше аралап жүріп, үй жануарларын атып тастаған. Енді бұл іспен полиция айналысып жатыр. Ал ветеринарлар "қаңғыбас иттерді атуға рұқсат бар" дейді.
Тағы оқи отырыңыз: Жануарларды қорлағандарға 5,8 млн теңгеге дейін айыппұл салу көзделді
"Заңда атуға рұқсат бар. Ұстап алып, көзін құрту деген. Біз оны "найза" дейміз. Соның ұшына у жағамыз да, қанын шығармайтын әдіспен атамыз. Оларды солай жансыздандырып, сосын барып техникаға салып алып кетіп, көзін жоямыз. Комиссиямен жүріп істелетін жұмыс", - деді Ақмола облыстық Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жүнісов.