Әлеуметтік желіде Алматыдағы спорт алаңында трансгендер-тиктокердің балаларды балағаттап жатқан видеосы пайда болды, - деп хабарлайды paryz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Видеода парик киген ер адам спорт алаңында балаларға өз елінде мұндайларды ұнамайтынын айтып, балағаттап жатқаны естіледі. Басылым авторларының айтуынша, видеоны Хилми Фокс лақапатымен танымал Ресейден келген трансгендер түсірген.
Алматы полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын айтты. Бейнеролик кейіпкері әрекетіне құқықтық баға беріледі. Жағдай анықталып жатыр.
Айта кетейік, Хилми Фокс 2023 жылдың қаңтарында Ресейде дәстүрлі емес жыныстық қатынасты насихаттағаны туралы бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, кейін елден кеткен.