Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Абайсызда өз әріптесіне оқ атқан: Алматыда полицей көз жұмды

Алматыда полицей басына оқ тиіп, мерт болды. Бұл дерек бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды ІІМ Telegram-дағы өзінің ресми жаңалықтар арнасында.

Абайсызда өз әріптесіне оқ атқан: Алматыда полицей көз жұмды
фото: pixabay.com

"Алматы қаласы ПД 5 маусымда полиция қызметкері қызметтік қарумен абайсызда өз әріптесіне оқ атқанын, ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болғанын хабарлайды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 104-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 104-бабы бойынша ("Абайсызда қазаға ұшырату") үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.