Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Түркістан облысында зейнеткер туған қызымен пышақтасқан

Қала тұрғыны ойынға қатысу үшін анасынан 20 мың теңге сұраған. Бас тартқан уақытта ол жанжал шығарып, зейнеткерге пышақ ала жүгіріпті...

Түркістан облысында зейнеткер туған қызымен пышақтасқан
Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толған қызын жанжал кезінде өлтірген зейнеткерге қатысты сот үкімі заңды күшіне енгенін мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетсек, биыл ақпан айында Сарыағаш қаласындағы үйлердің бірінен көптеген пышақ жарақаттарын алған зейнеткер табылған. Алғашқы медициналық көмек көрсетіліп жатқан уақытта ол қызын іздеуді өтінеді. Әйелдің түсініксіз сөздерінен зейнеткер мен оның үлкен қызы арасында жанжал туындағаны, ұрыс кезінде ас үй пышағы қолданылғаны түсінікті болған.

Екі адам бір-біріне пышақ жарақаттарын салып, содан кейін қызы белгісіз бағытқа қарай қашып кетіпті. Бірден оны іздеу жұмыстары ұйымдастырылады. Арнайы мамандар оны бірнеше сағаттан кейін Сарыағаш қаласының шетінен тауып алған. Сол уақытта ол көп қан жоғалтуы салдарынан қайтыс болған.

Зейнеткерге қатысты "Қасақана кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің өзі жанжал қызының "черная касса" ойынына қызығушылығына байланысты туындағанын айтты. Қала тұрғыны ойынға қатысу үшін анасынан 20 мың теңге сұраған. Бас тартқан уақытта ол жанжал шығарып, зейнеткерге пышақ ала жүгіріпті. Сот барлық мән-жайды зерттей келе, зейнеткер ашу үстінде әрекет еткен деген қорытындыға келіп, оны 1,5 жылға соттады.

"Қазіргі уақытта бірінші сатыдағы сот шешімі заңды күшіне енді", - деді тиісті мекеме.