Ауруханаға маршруттық автобустың 5 жолаушысы мен Volkswagen Polo автокөлігінің жүргізушісі жеткізілді...
Нұр-Сұлтанда автобус пен Volkswagen Polo көлігі соқтығысып қалды, деп хабарлады paryz.kz, елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"29 желтоқсанда сағат 11.38-де 47 жастағы әйел Volkswagen Polo автокөлігін басқарып, Тәуелсіздік даңғылының бойымен жүріп келе жатып, маршруттық автобуспен соқтығысып қалды. Жол апаты салдарынан автобус жарық тірегіне соқтығысты. Ауруханаға маршруттық автобустың 5 жолаушысы мен Volkswagen Polo автокөлігінің жүргізушісі жеткізіліп, дәрігер қарағаннан кейін үйлеріне жіберілді. Осы дерек бойынша анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.