Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Біртанов ісін тергеуге кедергі келтірген ДСМ өкілдері тұтылды

ҚР ҚК 407-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Біртанов ісін тергеуге кедергі келтірген ДСМ өкілдері тұтылды
фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды тұлғалары министрліктің бұрынғы басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуге кедергі келтірген. Қазір соған байланысты тергеу басталды, деп хабарлады paryz.kz, Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"23 желтоқсанда Денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды тұлғалары мен басқа да азаматтарға қатысты тергеуге кедергі келтіру фактісі бойынша ҚР ҚК 407-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл адамдар қылмыстық процеске қатыспай, Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу барысы мен нәтижелері туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты заңсыз жинау, беру және жариялау арқылы тергеуге араласуды жүзеге асырды", - делінген хабарламада.