Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

Оралда әскерге шақырылған жігіт комиссариаттың терезесінен секіріп кетті

Қазір оның анасы барлық құзырлы органдарға жүгініп, әділдікке қол жеткізуге тырысып жатыр.

Оралда әскерге шақырылған жігіт комиссариаттың терезесінен секіріп кетті
Фото: ашық дереккөз

Әскерге шақырылушы Оралдағы әскери комиссариаттың үшінші қабаттағы терезесінен секіріп кетті, деп хабарлады paryz.kz, қалалық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 жастағы азамат көптеген жарақат алды. Қазір оның анасы барлық құзырлы органдарға жүгініп, әділдікке қол жеткізуге тырысып жатыр.

Әскерге шақырылушының анасы оқиға 8 желтоқсанда БҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ғимаратында болғанын айтты. Онда жігіт медициналық комиссиядан өту үшін өз еркімен барған.

"Әскери комиссариаттың бөлмелерінің бірінде ұлымды физикалық тұрғыда күштеп, айыппұлмен және түрмемен қорқыта бастаған. Басын шайқай бастаған ол ғимараттың терезесінен секіріп кеткен", - деді әйел.

Құлау салдарынан жігіттің екі бел омыртқасы, екі аяғының өкше сүйектері сынған. Оған ота жасалды.

"Қазір ұлым үйде. Ол жүре алмайды. Мен сау баланы әскери комиссариатқа алып келдім, бірақ мүгедек болып қалды. Бұл оқиға туралы үндемедік. Военкомат ұлымды өз-өзіне қол салмақ болды деп, психикалық клиникаға жөнелтеміз деп қорқытты", - дейді әскерге шақырылушының анасы.

Қазір бұл іске қатысты құқық қорғау органдарының қызметкерлері іс жүргізіп жатыр.