Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

8 сынып оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып берді, деп жазады Paryz.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

8 сынып оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты
Фото: видеодан скриншот

"Таңшолпан" бағдарламасына қонаққа келген полиглот Айбат Ахметжан алдымен елдің тарихы, мәдениеті мен әдебиетіне қызығып, кейін тілін меңгеретінін атап өтті.

"12 жасымнан бастағам. Кей тілдерді білгеніммен, аса қызығушылық та, қажеттілік те болмайтын. Итальян, француз тілдерін оқып жүрдім, кейін қысқа қарай ғаламтордан латын тілі туралы оқи бастадым. Ежелгі мысыр, ежелгі араб тілі осылай кете берді", - дейді Айбат Ахметжан.

Полиглоттың айтуынша, тілдерді өз бетімен үйренген. Ол тілдерді топқа бөліп, оның этимологиясымен қатар үйренетінін айтты. Бағдарлама барысында Айбат Ахметжан жүргізушінің тілдерді ажырату туралы сұрағы мен ойындарына да мүдірмей жауап беріп, тарихын да бүге-шүгесіне дейін айтып берді. Полиглоттың сөзінше, оның атасы да, әке-шешесі де бірнеше тіл біледі.

"Менің атам - тарихшы. Ол жас кезінде тіл үйренгенді жақсы көрген. Біздің үйде атамның үлкен кітапханасы бар. Поляк, венгр, неміс тілінде кітаптар бар. Мен атаммен кейде поляк тілінде сөйлесемін. Анам университетте француз, латын тілдерін оқыған. Әкем түрік, ағылшын тілдерін жақсы біледі", - дейді ол.