Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ауа райының ыстығынан қалай қорғану керек

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, маусым айының бірінші онкүндігінде Қазақстан территориясының басым аумағында ыстық ауа райы болжанады. Астана қаласында 36 градусқа дейін ыстық болмақ, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Ауа райының ыстығынан қалай қорғану керек
Фото: Azattyq Ruhy

Осыған орай, назарларыңызға аптап ыстықтан қорғанудың жолдарын ұсынамыз.

Ортақ ереже

  • Жеңіл киініңіз. Табиғи маталардан тігілген, жеңіл, кең, «дем алатын» киімдерге артықшылық беріңіз. Денеңізге жабысып тұратын киімдерді кимеген абзал. Сондай-ақ киімнің түсі де маңызды. Қара киім ыстықты өзіне сіңіріп алатындықтан, ыстық ауа райы кезінде ақ, ашық түсті киімдерді киген жөн.
  • Бас киімсіз және күннен қорғайтын көзілдіріксіз далаға шықпаңыз, күннен қорғайтын крем SPF +50-ді қолданғаныңыз жөн.
  • Газсыз, консервантсыз ауыз суды жеткілікті мөлшерде ішіңіз, лимон мен жалбыз, жасыл шай және компотпен алмасытара аласыз. Сусындар сәл салқындатылған болса жақсы. Кофе мен алкогольді тұтынбауға тырысыңыз.
  • Жеңіл тамақ ішіңіз. Жемістер мен балмұздаққа басым көңіл бөліңіз.

Көшеде жұмыс істейтіндер үшін ыстықтан қалай құтылуға болады

  • Құрылысшылар, тасымалдаушылар, тракторшылар, автотұрақшылар, көше тазалаушылар күні бойы сыртта жүреді. Оларда арнайы форма болуы тиіс.
  • Ішуге және бетті шаюға жеткілікті су алып жүріңіз.
  • Лас қолдарыңызбен және киімнің жеңімен бетіңізді сүртпеңіз. Бұл үшін сіздің қалтаңызда әрқашан дымқыл майлықтар болғаны абзал.
  • 10 минут сайын техникалық үзіліс жасап отыруға тырысыңыз.
  • Көлеңкеде жұмыс істеуге тырысыңыз. Егер бұл мүмкін болмаса, кем дегенде анда-санда көлеңкеде отырып демалыңыз.

Ыстықтан үйге оралған соң бірден суық душ қабылдауға болмайды.

Мамандардың айтуынша, қанша ыстықтап тұрсаңыз да, жылы душ қабылдау керек. Себебі дене суық сумен шомылғанда іштегі жылы температураны сақтауға тырысады.