Ұсталған адамның аз ғана уақыт ішінде екі азық-түлік дүкеніне шабуыл жасағаны анықталды.
Алматыда екі бірдей дүкенге қарулы шабуыл жасаған шетел азаматы ұсталды, деп хабарлады paryz.kz, Алматы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Олар аулалардың бірінен іздестірілушіге ұқсас жас жігітті байқап, оны ұстады. Күдіктіден шабуыл жасаған қару – ас үй пышағы тәркіленді. Ол өз қылмысын бірден мойындады. Бейнебақылау камералары көрсеткендей, ол дүкенге сатып алушы ретінде кіріп, сатушыға пышақ көрсетіп, ақша талап еткен. Әйел адам қорқып, барлық ақшаны берген. Ең бастысы, жәбірленуші шабуыл туралы полицияға дереу хабарлады. Күдікті санаулы минуттың ішінде ұсталып, Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Ұсталған адамның аз ғана уақыт ішінде екі азық-түлік дүкеніне шабуыл жасағаны анықталды", – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкі командирінің міндетін атқарушы Алмас Ахмедьяров.
Ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлігі ("Қарақшылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.