Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Атырау облысында 29 адам сушиден уланып қалды

"Науқастардың бәрінде іш өту, жоғары температура, жүрек айнуы, құсу және жалпы әлсіздік, улану белгілері байқалды. Ауруханаға жатқызылған адамдардың жағдайы "орташа ауыр"..."

Атырау облысында 29 адам сушиден уланып қалды
фото: ашық дереккөз

Атырау облысында сушиден уланған тұрғындар саны 29 адамға жетті. Олардың 21-і ауруханада ем қабылдауда, деп хабарлады paryz.kz, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 27-28 желтоқсанда Жылыой аудандық орталық ауруханасына тағам токсикоинфекциясы диагнозымен 29 науқас келіп қаралған. Оның ішінде 4 науқас стационарға жатудан бас тартса, 4 науқас үйіне амбулаторлы ем алуға жіберілген. 21 науқас стационарға жатқызылған.

"Уланған науқастардың бәрі 24 желтоқсанда "Три самурая" дәмханасынан алған сушиді жеген. Ауруханада жатқан науқастар жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылып, тиісті ем-дом шараларын қабылдауда. Науқастардың бәрінде іш өту, жоғары температура, жүрек айнуы, құсу және жалпы әлсіздік, улану белгілері байқалды. Ауруханаға жатқызылған адамдардың жағдайы "орташа ауыр", - дейді Жылыой аудандық орталық ауруханасының директоры Нұрбек Үкібаев.

Қазір осы фактіге қатысты құқық қорғау органдары мен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары тексеру жүргізіп жатыр.