Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Америкалықтар асырап алған қазақ баласы ата-анасын іздейді

Тараздағы «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушісі Сардар Паул өзінің биологиялық ата-анасын іздеп жүргенін айтады, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

Америкалықтар асырап алған қазақ баласы ата-анасын іздейді
Фото: azattyg. ruhy

«Мен Тараз қаласында 1999 жылдың 17 қыркүйегінде дүниеге келдім. Анам мені дүниеге әкелгеннен кейін мен жетімдер үйіне өткізілгенмін. Шамамен 11 айымда менің америкалық ата-анам Таразға келген. Солай мені таңдап, асырап алған. Менің кіші сіңлімді де олар Тараздың жетімдер үйінен асырап алды. Яғни, «Үміт» атты балалар үйінен. Осылайша, екеуміз де 2000 жылы асыранды болдық. Біз Америкада өстік. Бір жылдан кейін, яғни 2001 жылы менің ата-анам қайта Қазақстанға барған. Одан кейін менің Мәрзия есімді үлкен әпкемді де асырап алған», - дейді Сардар.

Оның айтуынша, Мәрзия есімді әпкесі одан екі жасқа үлкен.

«Ата-анам оны да «Үміт» балалар үйінен алған. Осылай үш қазақ ағайынды болдық. Одан бірнеше жыл өткеннен кейін ата-анам Тайвань елінен менің қазіргі бауырларымды да асырап алды. Менің тайваньдық екі бауырым бар. Оған қоса, менің ата-анамның өздерінің 5 биологиялық баласы бар», - дейді Сардар.

Ол асырап алғандардан бөлек, тағы  5 америкалық туған бауыры бар екенін айтты.

«Иә, мен өзімнің туған анамды іздеп жүрмін. Мен ол туралы кез келген ақпарат болса ризашылығымды білдірер едім. Мен алдыңғы айда (сәуір)  Таразға келгенде қаладан ешқандай туыстарымды таба алмадым. Мен оларды да іздестіріп жүрмін. Әзірге қуанышты хабар жоқ. Мен әлі де оларды табамын деп сенемін», - деді ол.

Сардар Паул сөз арасында Америкадағы өмірі жайлы да айтып берді.

«Мына ол жақтығы хобиім - баскетбол ойнау, шаңғы тебу. Менің ата анам АҚШ-тағы Ютада туып өскен. Ол жақта шаңғы спорт өте танымал әрі жақсы дамыған. Қазір колледжде оқимын, жасым  23-те. Оқуды бітіруіме 1 жыл қалды. Арманым өзімнің жеке компанияm болса деймін. АҚШ-тың штаттарын аралап жүре алатындай күн кешкім келеді. Мүмкіндік болса, Қазақстанға да барсам деймін. Мен екі ел арасында барып-келіп жүретін өзімнің компаниям болғанын қалаймын және өзімнің биологиялық ата-анамды тауып, олармен байланыс орнатсам жақсы болар еді», - деп түйіндеді ол.