Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Екі жыл бұрын қызды зорлап, тірідей көмген қаскөй енді сотталуда

Ісін бітірген соң қыздың үстіне бензин құйып, өртеген. Алайда от тұтанып барып, жанбай қойған...

Екі жыл бұрын қызды зорлап, тірідей көмген қаскөй енді сотталуда
Фото: ашық дереккөз

Шымкент қалалық сотының апеляциялық алқасы бір топ адамның қатысуымен болған зорлау және өлтіру қылмыстық ісі бойынша сот процесін өткізіп жатыр, деп хабарлады paryz.kz, aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған жағдай 2018 жылдың 19 наурызындағы кеште бір топ жастың Қайнарбұлақ ауылында саяжайда туған күн тойлауынан басталған. Сол кеште бір қыз жігіттермен ұрсысып, кетіп қалған. Оның артынан көңілін аулап, ертіп алып келуге екі жігіт кеткен. Бірақ олар қызды ұрып-соғып, басын жарған. Сосын қансыраған қызды бос тұрған үйге апарып, іштеріндегі бір жігіт зорлаған. Ісін бітірген соң қыздың үстіне бензин құйып, өртеген. Алайда от тұтанып барып, жанбай қойған. Өлмеген қызды пышақтап, шалажансар қалпында тірілей көміп тастаған.

Тергеу-тексеру кезінде анықталғандай, жастары үлкен екі ер адам сол жерге 17-18 жастағы үш жігітті шақырып алып, қызды оларға да зорлатып, бірге көмдірген.

Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2018 жылы ер адамдардың бірін 15 жылға соттады. Қатігез жазасын қатаң режимде өтеп жатыр. Жастары кіші екі жігіт те сотталды. Ал бәрін ұйымдастырған басты күдікті тергеу органдарынан жасырынып, ұстатпай жүріп, 2019 жылы қолға түсті де, оған да аса қатігездік жасағаны үшін 16 жылға жаза кесілді. Бірақ оның қорғаушысы шешіммен келіспей, аппеляциялық сотқа шағым түсірген.

"Екінші инстанциядағы соттың келесі отырысы 30 желтоқсанда өтеді", - деп хабарлады Шымкент қалалық соты.