Прямая трансляция

Астана

Астана

15°C

5 жасар қызға зорлық көрсеткен күдіктіні көршілері соққыға жыққан

Түркістан облысында елді дүр сілкіндірген 5 жасар қыздың зорлануына қатысты жаңа деректер пайда болды, деп хабарлайды Paryz.kz Отырарға сілтеме жасап.  

5 жасар қызға зорлық көрсеткен күдіктіні көршілері соққыға жыққан
Фото: видеодан скриншот

Куәгерлерінің айтуынша, зорлық-зомбылық салдарынан баланың көмейіне зақым келген. Сондай-ақ, арсыз әрекетке барған ер адам жәбірленушінің көршісі екені белгілі болды.

Түркістан облысында белгісіз ер адам 5 жасар қызға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетіп, баланың көмейін жарып жіберген. Осылай деген оқиға куәгерлері азғындыққа барған ер адамды өздері ұстап алып, қатты соққыға жыққан. Сөздерінше, жантүршігерлік оқиға подъездердің бірінде болған. Барлық мән-жайды әкесіне қыздың өзі айтып беріпті. Ең сорақысы, күдікті жәбірленушінің көршісі екен.

«Оқиға подъезде болған. Әкесі көлігін жуып тұр. Ал анау үшінші қабатта осындай тірлік жасап жатыр деп естідік. Шошыдық кәдімгідей. Камерадан тауып алды. Кішкентай қыз шығып әкесіне айтқан ғой осындай жағдай болғанын. Осыдан кейін сыртқа шығуға қорқып қалдық. Барлығымыз қыз өсіріп отырмыз», - дейді тұрғын.

«Мен үшін бұл жағдай қатты қорқынышты. Себебі өзім 4 бала тәрбиелеп отырмын. Біз ол баланы күнде көретінбіз, осында жүретін. Күдікті ештеңе байқамадық. Бұл жігіт келіп, мойындап, кешірім сұрады», - дейді Арыс қаласының тұрғыны. 

Түркістан облыстық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Қылмыстық іс жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық бабы бойынша қаралып жатыр. Бірақ, істің құпиялығын сақтау мақсатында полицейлер қылмыскер туралы ақпаратты жария етпеді. Тек Арыс қаласының тұрғыны екені белгілі. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Бұл факт ҚР қылмыстық кодексінің 121 бабы, 4 бөлігі бойынша тіркеуге алынды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Полицейлер дағдарыс орталығымен байланысып, қызбен психологтар жұмыс жүргізды. Қазір жасөспірім үйінде. Сараптама қорытындысына сәйкес қыздың денесінде басқа да жарақаттар анықталған жоқ», - деді Түркістан облысы ПД криминалды полиция басқарма басшысының орынбасары Бауыржан Қуатов.

Сондай-ақ, әлеуметтік желіде бұл жағдайдан кейін кәмелетке толмаған қыздың көмейі жарылып, жансақтау бөліміне түскені туралы ақпарат тарады. Бірақ полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды. Олардың айтуынша, жәбірленушінің денсаулығы тұрақты. Сараптама қорытындысына сай ешқандай жарақат табылмаған.

Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Астанада әйелді пышақтап өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі ұсталды Астанада әйелді пышақтап өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі ұсталды Алматыда Студенттер сарайының шатыры опырылды: ҚазҰУ ғимараттың техникалық жағдайына қатысты мәлімдеме жасады Алматыда Студенттер сарайының шатыры опырылды: ҚазҰУ ғимараттың техникалық жағдайына қатысты мәлімдеме жасады «Жамандағанша, түзетуге тырыс»: Сырымбек Тау елді сынайтындарға жауап берді «Жамандағанша, түзетуге тырыс»: Сырымбек Тау елді сынайтындарға жауап берді «Бала берсең, сана бер»: Қызылордада белгісіз ер адам қарт әжені таксиге отырғызып, қарттар үйіне апаруды өтінген «Бала берсең, сана бер»: Қызылордада белгісіз ер адам қарт әжені таксиге отырғызып, қарттар үйіне апаруды өтінген Алаяқтар Ұлттық Банктің атын жамылып, азаматтардың ақшасын иемденуде Алаяқтар Ұлттық Банктің атын жамылып, азаматтардың ақшасын иемденуде