Қостанай: Назарбаев көшесінде автобус зейнеткерді қағып өлтірді

Ол "Алтын Арман" шағын ауданынан "Юбилейный" шағын ауданына қарай жолдың белгіленбеген бөлігінен өтіп бара жатқан.

Қостанай: Назарбаев көшесінде автобус зейнеткерді қағып өлтірді
фото: 24.kz

Қостанай қаласындағы Назарбаев даңғылында бүгін сағат 13:31 шамасында зейнеткерді автобус басып кеткен, деп хабарлады paryz.kz, Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Mercedes-Benz" маркалы автобусты басқарып келе жатқан 56 жастағы жүргізуші Назарбаев көшесінің бойымен №215 үйдің жанында Дизель зауытына қарай келе жатып, 80 жастағы әйелді қағып кетті. Ол "Алтын Арман" шағын ауданынан "Юбилейный" шағын ауданына қарай жолдың белгіленбеген бөлігінен өтіп бара жатқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға бойынша тергеу басталды.