Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Тертерян шошқа фермасын сақтап қалу үшін айлаға көшті

Қоғам наразылығынан кейін экологтар шошқа фермасының иесі Гайк Тертерянға 7 миллиард теңге көлемінде айыппұл салған.

Тертерян шошқа фермасын сақтап қалу үшін айлаға көшті
фото: ашық дереккөз

Әйтпесе, өткенде ғана халық бұл шошқа фермасының жабуылуын жаппай талап еткенде, қалай қарсы әрекет етуді ойластырса керек, өзінше айлаға көшіпті деп хабарлады paryz.kz.  

Бұл туралы журналист Бақыт Жаншаева өзінің facebook парақшасында жариялаған. 

Күллі қазақ қоғамын дүр сілкіндірген Ақтөбедегі шошқа дауы басылудың орнына, қайта үдеп кеткендей. Қоғам наразылығынан кейін экологтар шошқа фермасының иесі Гайк Тертерянға 7 миллиард теңге көлемінде айыппұл салған-ды. Егер бұл айыппұл уақытылы төленбесе, ферманы түбегейлі жабу туралы сотқа талап қойылуы тиіс еді. Осылайша, Ақтбебе жұрты атышулы шошқа фермасының жабылуын күткен. 

Алайда, жағдай жұрт ойлағандай болмай шыққан. Гайк Тертерян өзінің шошқа фермасын қалайда жаптырмауды ойлап, астыртын әрекетке көше бастағанға ұқсайды.

"Тертерян пысқырар емес.

Дүйім жұртты дүрліктірген айқай-шудан соң 7 млрд айыппұл салынды деп, жабылуын күтіп отырсақ … Шошқабаздың иесі оны жабуды емес, қалай қарсы әрекет жасауды ойластырып, өзінше іс-қимылға көшіпті. Ақтөбедегі Батыс-2 ауданында, “Мұз айдыны” ғимаратының жанында 39″Б” үйде орналасқан “ВАЙГЕ” ет дүкенінің есігінде “МЫ ПРОТИВ ЗАКРЫТИЯ СВИНОФЕРМЫ БЕСТАМАКСКОГО ЖИВОТНОВОДЧЕСКОГО КОМПЛЕКСА” деп үлкен етіп жазып қойыпты", - деп жазды журналист. 

Сондай-ақ ол "комиссия құрып, 7 млрд штраф салған, кезең-кезеңмен шошқаны сойып тауысып, кәсіп бағытын өзгертеді деген шешімге Тертерянның пысқырмай отырғаны ма?" – деп күйінеді. 

Қоғам белсенділерінің айтуынша, қаладағы кейбір сауда дүкендерінің есіктеріне жұрттың атынан жалған қарсылық хат іле бастаған.