Әнші жігіттермен құшақтасқан Айгерім Қалаубаеваға көпшілік сүйсінді (ВИДЕО)

Отандық эстрада жұлдызы Айгерім Қалаубаева желіге кезекті видео жариялап, оқырмандар мен тыңдармандардың сүйіспеншілігіне бөленді, деп жазады 

Әнші жігіттермен құшақтасқан Айгерім Қалаубаеваға көпшілік сүйсінді (ВИДЕО)
Фото: әлеуметтік желіден

Қалаубаева кезекті салтанатты кештердің бірінен видео жариялаған. Кадрлардан оның тойда жүргізуші міндетін атқарып, ән салғанын да байқауға болады. Айгерім тойға келген өнердегі әріптестерін де ұмыт қалдырмай, Асқар Жүнісбеков, Мейрамбек Беспаев, Ғазизхан Шекербековпен құшақтасқан сәттерін шағын видеоға қосқан.

Желі қолданушылары Айгерім Қалаубаеваның мінсіз мүсіні мен талғамына, сәнді көйлегі мен сұлулығына тәнті болуда.

"Сізге жетер ешкім жоқ", "Алтын қыз", "Көйлегі де, өзі де - зың", "Тамаша қыз", "Бәрі әдемі", "Осы қыз жан шуағын шашып жүреді", - деп пікір қалдырды оқырмандар. Арасында Айгерімнің әншілермен құшақтасқан сәтін де сөз қылғандар табылды. "Жігіттермен құшақтаса беретіні ұнамайды, а так - керім", - деп жазды zhanka.astana есімді қолданушы.