Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Іші ауырып, ауруханаға түскен бойжеткен жүкті болып шықты

Жәбірленушінің өгей әкесі ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді.

Іші ауырып, ауруханаға түскен бойжеткен жүкті болып шықты
Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысында өгей әке қызын зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлады paryz.kz, ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 желтоқсанда Түлкібас аудандық полиция бөліміне облыстық ауруханадан қоңырау келіп түседі. Фельдшер өздеріне іші ауырғанына шағымданып, кәмелетке толмаған қыз келгенін айтқан. Медициналық тексеру кезінде дәрігерлер жасөспірімнің жүктіліктің жетінші айында екенін анықтады.

Жәбірленушінің өгей әкесі ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Соған байланысты "Зорлау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ер адамды криминалдық полиция қызметкерлері ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Күдікті өз кінәсін толығымен мойындаған. Сараптама тағайындалды.