Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ақтөбе тұрғыны сүйіктісінің анасына тіл тигізгені үшін 400 мың теңге төлейді

Ақтөбе тұрғыны балағат сөздер айтқаны үшін қызының сүйіктісін сотқа беріп, әділдікке қол жеткізді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ақтөбе тұрғыны сүйіктісінің анасына тіл тигізгені үшін 400 мың теңге төлейді
Фото ашық дереккөзден

«Диапазон» басылымының жазуынша, жас жігіт жүріп жүрген қызының жүкті екенін білген соң онымен қарым-қатынасын үзген. Анасы қызының баланы туғысы келген шешіміне қолдау білдіреді. Алайда ер адам балағатқа толы хабарламалар жіберіп, қыздан түсік жасатуды талап еткен.

«Қызын қорғау мақсатында оның анасы ер адамның үстінен сотқа шағым түсіріп, балағат сөз айтқаны үшін 1 миллион теңге өндіріп беруді талап еткен. Бойжеткен ғашығының отбасылы адам екенін сот барысында ғана білген», - делінген хабарламада.

Айыпталушы әйелдерді балағаттамадым деп ақталғанымен, сот оны «Ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып қорлау» бабы бойынша кінәлі деп тауып, 50 сағат қоғамдық жұмысқа тарту туралы үкім шығарды. Сондай-ақ жеке айыптаушыға моральдық шығын үшін 400 000 теңге төлеуге міндеттелді.