Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Елордадағы колонияда палаудың ішінен телефон шықты

Қазір тексеру жұмысын күшейту шаралары жүргізіліп жатыр.

Елордадағы колонияда палаудың ішінен телефон шықты
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕЦ-166/10 түзету мекемесіне сотталғандар телефон, алкоголь мен өзге де тыйым салынған заттарды өткізбек болды, деп хабарлады paryz.kz, polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Өткен аптада сотталушылардың бірі телефонды орамалға орап, сөмкеге жасырған. Ал енді бірі шұлыққа салып өткізгісі келді.

Үшіншісі мүлдем ерекше жолын тауыпты. Ол жұмыс нысанынан келе жатқанда палаудың ішіне телефон тыққан.

Тағы оқи отырыңыз: Тамақтың ішіне телефон жасырып, қамаудағы адамға жеткізбек болды

Қоныс колониясында жазасын өтеп жүрген адам минералды судың үш 1,5 литрлік бөтелкесіне алкоголь құйып алған. Әрі телефонды да алып кірмек болды.

"Қызметкерлер қырағылығының арқасында мекемеге тыйым салынған заттардың кіргізілуіне жол берілмеді", - деді мекеме басшысының орынбасары Айдын Құмарбекұлы.

Қазір тексеру жұмысын күшейту шаралары жүргізіліп жатыр.