Өскеменде автобус аялдамасы қанға бөкті

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті жағдайға түсініктеме берді.

Өскеменде автобус аялдамасы қанға бөкті
Фото: yk-news.kz

Өскемен тұрғындарын қанға боялған жылы аялдама шошытты. Куәгерлер оның суретін әлеуметтік желілерге таратты, деп хабарлады paryz.kz, yk-news.kz-ке сілтеме жасап.

Суретте жылы аялдамадағы еден мен орындықтарда қанның іздері көрінеді. Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті жағдайға түсініктеме берді.

"27 желтоқсанда 54 жастағы қала тұрғыны медициналық мекемеге дене жарақатымен жүгінді. Аялдаманың жабық павильонында ол танысымен жанжалдасып, дене жарақатын алғаны анықталды", - деді ПД баспасөз қызметі.

Күдікті анықталып, тергеу-тексеру жұмыстары басталып кетті.