Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ақтөбе облысында экс-әкім "жылқы жегені" үшін 5 жылға сотталды

Көрсетілген қаражатты өз қалтасына басу мақсатында жалған құжаттар мен қолхаттарды пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды...

Ақтөбе облысында экс-әкім "жылқы жегені" үшін 5 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөз

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында ауылдық округтің экс-әкімінің қылмысы сотта қалады. Бұрынғы әкім аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталды, деп хабарлады paryz.kz, Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде әкімнің "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Ақтөбе филиалы шаруа қожалығына "Құлан" бағдарламасы бойынша 40 бас жылқы сатып алу үшін жалпы сомасы 11 840 000 теңге несие бергені анықталды.

"Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының үкімімен ауылдық округ әкіміне ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі ("Аса ірі мөлшердегі алаяқтық") бойынша 5 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Көрсетілген қаражатты өз қалтасына басу мақсатында жалған құжаттар мен қолхаттарды пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды", - деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.