Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Семейде 30 градус аязда 21 адам үсіп қала жаздады

Мас халде болған олардың денсаулығы мен өміріне қауіп төнген.

Семейде 30 градус аязда 21 адам үсіп қала жаздады
фото: sputniknews.kz

Семей қаласының полиция қызметкерлері аязда үсіп қала жаздаған 20-дан астам адамды құтқарды, деп хабарлады paryz.kz.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кеше 30 градус аязда көшеде қалған 21 адам Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді. Мас халде болған олардың денсаулығы мен өміріне қауіп төнген. Осы орайда, полицейлер қала тұрғындарына өтініш жасап отыр.

"Егер сіз көшеде мас халде жалғыз жатқан адамды, қасында ересек ешкім жоқ баланы немесе көмекке мұқтаж қарттарды байқасаңыз, "103", "112", "102" нөмірлерінің біріне қоңырау шалыңыз. Біз дереу оларға көмек көрсетеміз", - деп хабарлады ведомство өкілдері.