Жаңа жылдан бастап ескі смартфондардағы WhatsApp істен шығады

Хаттарды жоғалтып алмас үшін олардың резервтік көшірмесін жасау ұсынылды.

Жаңа жылдан бастап ескі смартфондардағы WhatsApp істен шығады
фото: ашық дереккөз

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ескі смартфондарда WhatsApp мессенджері жұмыс істеуін тоқтатады, деп хабарлады paryz.kz, РИА Новостиге сілтеме жасап.

Қосымша операциялық жүйе iOS 9 немесе Android 4.0.3-ге дейін жаңартылмаған құрылғыларда істен шығады. Ең алдымен, бұл iPhone 4 және оның ерте шыққан модельдеріне қатысты.

"iPhone 4S, iPhone 5, iPhone 5S, iPhone 5C, iPhone 6 және iPhone 6S смартфондарында WhatsApp қайтадан жұмыс істеуі үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді iOS 9-ға дейін жаңарту керек", - деп нақтылады басылым.

Бұдан бөлек, хаттарды жоғалтып алмас үшін олардың резервтік көшірмесін жасау ұсынылды.