Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ұлағатты ұстаз: «Біз балаға министрдің баласы, немесе ақынның баласы деп бөліп-жарып қарамаймыз... »

Ұлағатты ұстаз: «Біз балаға министрдің баласы, немесе ақынның баласы деп бөліп-жарып қарамаймыз... »

Ата- ана мектепке, ұстазға баласын сеніп алып келген соң, сол балаға сапалы білім, саналы тәрбие бергің келеді. Алдыңдағы баланың ертеңгі мықты тұлға болғанын қалайсың.

Барша қазақ үшін аяулы азамат, айтыс ақыны, ғалым Серікзат Дүйсенғазиннің баласы Әлихан біздің мектепте оқыды. Алдында қызы оқыды. Артынша ұлы келіп түсті. Бала  өте талантты, ерекше дарынды  бала еді... Әлихан математикаға, физикаға мықты еді. Былтыр 9 сыныпта оқып жүргенде республикалық олимпиададан қола медальды жеңіп алған. Робототехникадан олимпиада, фестивальдарға қатысып, ылғи жеңімпаз болушы еді... Бала бір бағытпен шектеліп қалмай, барлық пәндерді қатар алып жүрді. Өзі мектеп парламентінің мүшесі болды. Орыс қазақ тілінде өлең жазатын. Поэзияғада құштар еді...

Тәрбие отбасынан деген осы. Әкесі Серікзат Дүйсенғазин қанша жерден жұмысбасты болса да, уақыт тауып, мектепке келе қоятын. Барлық шараларға қатысатын.

Ата-ана мен баланың, мектептің арасында осындай байланыс орнауы керек...

Біз жалпы, оқу-тәрбие процесінде балаға министрдің, немесе ақынның баласы деп, бөле-жара қарамаймыз. Бала бізге бірдей. Оларға қоятын талап та бірдей, - деді Астана қаласындағы №9 "Зерде" мамандандырылған мектебі директорының  оқу ісі жөніндегі орынбасары Байулова Гүлназия Сабырқызы.