Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Балқаштық 96 жастағы кейуана Абай өлеңдерін жатқа оқиды

Ауыл мектебінде жақсы оқыған ол, 5-сыныпқа дейін ғана білім алыпты.

Балқаштық 96 жастағы кейуана Абай өлеңдерін жатқа оқиды
фото: дереккөз

Балқаш қаласының тұрғыны Рахиля Ержанова 96 жасқа келгеніне қарамастан, Абайдың өлеңдерін жатқа оқиды екен, деп хабарлады paryz.kz, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кейуана 1924 жылы Тасарал ауылында дүниеге келген. Ауыл мектебінде жақсы оқыған ол, 5-сыныпқа дейін ғана білім алыпты. Кейін жұмыс істеп, тұрмысқа шығып, екі баланың анасы атанған. Ол өмір бойы жолдасымен бірге Балқаш көлінде балық аулаумен айналысқан. Соған қарамастан, оқуға әрқашан уақыт тауып, балаларының әдебиетке деген сүйіспеншілігін оятқан екен.

"Ол кезде оқи алатын әйелдер аз болатын. Келіндер үй шаруашылығымен айналысуы керек еді. Бірақ менің анам оқығанды ұнататын және үнемі кітап оқып жүретін. Әсіресе қазақ ақындарының шығармаларын сүйіп оқиды. Анамның бұл қасиеті балаларына да жақсы әсер етті", – дейді Рахила Ержанованың қызы Баян Аяшбекова.

Қазір Рахила әженікейуананың 9 немересі және 16 шөбересі бар, олардың барлығы өлең оқиды. Көру қабілеті нашарласа да әжейдің оқуға деген ықыласы әлі де зор.