Жамбыл облысында 80 жастағы қария 5 жасар қызға алма беріп, ұялы телефонын алып кеткен, деп хабарлайды Paryz.kz.
Байзақ ауданының полиция бөліміне 5 жасар қыздың анасы шағымданып, белгісіз қарт кісінің кәмелетке толмаған қызының смартфонын алып кеткенін хабарлаған.
Күдікті бағасы 132 мың теңге тұратын гаджетті бүлдіршіннен алдау арқалы алмаға айырбастап алған. ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 80 жастағы ер адам ұсталды. Ол өзінің кінәсін толық мойындады. Ұялы телефон тәркіленді, - делінген хабарламада.