Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Батада «Аруақ қолдасын» деген сөзді қолданбау керек» - Бас мүфти (ВИДЕО)

Қазақстанда алғаш рет бата беруден байқау өтті. Жарысқа еліміздің әр аймағынан келген 20 ақсақал қатысқан. Басты талап – батаның мәні және оқып жатқан кезде кідіріп қалмау.

Батада «Аруақ қолдасын» деген сөзді қолданбау керек» - Бас мүфти (ВИДЕО)
фото: ihsan.kz

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бата бергенде "Аруақ қолдасын, аруақ жебесін" деген сөзді қолданбау керегін айтады. Әрі бата "Фатиха" сүресімен басталуы қажет дейді

"Аллаға серік қоспау, Аллаға сыйыну, Алладан сұрау – негізгі шарттардың бірі. Мұсылман халқы болғандықтан тілегімізді бір Аллаға сыйынып, бата береміз. Кәрі мұсылман, тақуа жандардың тілегі қабыл болады. Бата сөзінің ғылыми негізі "Фатиха" деген сөзден шыққан. "Фатиха" сүресі Құранның алғашқы сүресі екенін білеміз", – дейді бас мүфти. 

Сайыста төреші болған Серік Негимов бұл байқаудың ақсақалдарға бата жаттатқызудың тиімді жолына айналғанын мәлімдеді. 

"Батада табиғатты, жаратылысты сақтау, экология, адамгершілік барлығы қосылады", – деді Серік Негимов.