Белгілі тиктокер имам Нұрлан Байжігітұлы жаңа қызметке тағайындалды. Ол елордадағы Ырыскелді мешітінің бас имамы болды.
«Бісмілләһир-Раxманир-Раxим!
Алланың қалауымен, елдің ақ тілегімен бүгін Астанамыздағы “Алланың гүлі” аталып кеткен Ырыскелді қажы атындағы мешітке бас имам боп тағайындалдым. Бұл мен үшін қуанышты жаңалық!
Енді Астана жұртшылығымен және қала қонақтарымен осы мешітте жүздесеміз.
Еліміз тыныш, жұртымыз аман, бірлігіміз берік, руханиятымыз тұғырлы болсын», – деп жазды желідегі парақшасына ұстаз.