«Ақысы күніне 1 бөтелке арақ»: Шымкентте анасы бойжеткен қызын ішімдік үшін кафеге тастап кеткен

Шымкентте жасы 23 келсе де әлі күнге дейін бірде-бір әріп танымайтын, тіпті қолында ешбір құжаты жоқ бойжеткен тұрып жатыр. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

«Ақысы күніне 1 бөтелке арақ»: Шымкентте анасы бойжеткен қызын ішімдік үшін кафеге тастап кеткен
Фото: Azattyq Ruhy

Жас қыз ешқашан мектеп табалдырығын аттамаған. Тіпті өзінің атын да жаза алмайтын күйде. Автордың жазуынша, анасы ішімдікке салынып, әртүрлі ер азаматпен көңіл қосуды әдетке айналдырған.

«Анам бір ішсе домалап құлап жатады, 2-3 айлап үй көрмейді. Сол кезде өгей әкелеріммен қаламын. Әсіресе, Исахан деген көкемен ұзақ тұрды. Басында жақсы аға сияқты болған, артынан тек мені ұратын, талай мәрте мазақ етті. Басымды жарды, үстелді үстіме лақтырды, далаға теуіп шығарды», - деп есіне жалады бойжеткен.

Анасы бір кездері арақ үшін қызын жұмысқа жеккен екен.

«Анасы қызыг “Сәтті” деген кафеге беріп кеткен. Таңғы 5-тен түнгі 2-ге дейін жұмыс істепті, сол жақта қонады. «Ақысы шешеңе күніне 1 бутылка арақ» деген. Мұның бәрі бұрын емес дәл бүгін көз алдымызда болып жатқан оқиғалар. Осыдан 4 жыл бұрын 19 жасар қыз ақыры бір өлім деп әкесінің туыстары барын естіп Шымкентке қашып келеді. Содан бері не өзгерді дейсіз бе, ештеме», - деп жазды Гүлмира Әбіқай.