Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қазақстан азаматтары Денсаулық сақтау министрлігін сотқа берді

Арызданушылар санитарлық ережелердің тармақтарын заңға және ҚР Конституциясына қайшы екенін айтады.

Қазақстан азаматтары Денсаулық сақтау министрлігін сотқа берді
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтандағы апелляциялық сот азаматтардың Денсаулық сақтау министрлігіне қатысты айтқан шағымдарын қарады, деп хабарлады paryz.kz, қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот мәліметінше, арызданушылар Денсаулық сақтау министрінің бұйрығында айтылған санитарлық ережелердің тармақтарын заңға және ҚР Конституциясына қайшы екенін айтады.

"Арызданушылар бұл шешімге Нұр-Сұлтан қаласының сотына жеке қорғаныс құралдары мен антисептиктерді, соның ішінде медициналық маскаларды тағуды, 65 жастан асқан адамдарға таңдап салынған шектеулерін қолдануды көздейтін санитарлық ережелер азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзады, Денсаулық сақтау министрінің оларды бекітуге өкілеттігі жоқ деп мәлімдеді. Апелляция бұл дәлелдерді негізсіз деп танып, бірінші сатыдағы соттың шешімін оның заңдылығы мен негізділігіне байланысты өзгеріссіз қалдырды", - делінген соттың хабарламасында.