Екібастұз полициясына қаладағы ЖШС директорының атына басқа ЖШС иесінің үстінен арыз түскен...
Павлодар облысының Екібастұз қаласында кәсіпкер тендерге қатысу үшін құжаттарды қолдан жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлады paryz.kz, pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кәсіпкер тендерге қатысу үшін жалған құжат жасатқан.
"Екібастұз полициясына қаладағы ЖШС директорының атына басқа ЖШС иесінің үстінен арыз түскен. Онда компания директоры басқа кәсіпкерді 82 миллион теңгеден астам сомаға жөндеу жұмыстарын көрсету жөніндегі ашық тендерге қатысу үшін жалған құжат жасады деп айыптаған. Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 385-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді Екібастұз қаласы полиция басқармасының басшысы Василий Скляр.
Сондай-ақ, ол осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу сараптамасы тағайындалғанын, қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.