Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Семейлік тұрғын 3 мың теңге үшін зейнеткерді балғамен ұрған

Абай облысында зейнеткерді тонап кеткен күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды деп хабарлады Paryz.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Семейлік тұрғын 3 мың теңге үшін зейнеткерді балғамен ұрған
Сурет: 7-su.kz

Наурыз айының соңында Әуезов полиция бөліміне облыс орталығының 74 жастағы тұрғыны қаланың сол жағалауында оны тонап кеткені туралы арызданды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жеткен.

Ер адам жәбірленушінің басын балғамен ұрып жіберіп, оның 3 мың теңге көлеміндегі ақшасын, алтын сырғасы мен телефонын иемденіп алған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полицейлер күдіктіні “ізін суытпай” қолға түсірді. Ол осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын сотталған 43 жастағы ер адам болып шықты. Жауап алу барысында күдікті кінәсін мойындады.

Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабы 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – делінген хабарламада.