Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Иди гуляй!": білікті дәрігерге зәру оралдықтар Ресейден ем іздеп жүр (ВИДЕО)

ҰҚК Шекара қызметі келтірген дерекке қарағанда, биыл 4 мың оралдық көрші елге барып қайтыпты.

"Иди гуляй!": білікті дәрігерге зәру оралдықтар Ресейден ем іздеп жүр (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Алматылық дәрігерлер маңдай терімен тапқан жалақысын даулап жүрсе, батыс аймақтарда ақ халаттылар жетпей жатыр, деп хабарлады paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Жергілікті билік уәдені үйіп-төгіп, жағдай жасауға тырысып-ақ әлек. Бірақ дәрігерлер бәрібір ауылға баратын емес. Ал ем-дом іздеген оралдықтар Ресей асып жатыр. ҰҚК Шекара қызметі келтірген дерекке қарағанда, биыл 4 мың оралдық көрші елге барып қайтыпты.

Оралда білікті дәрігердің аздығынан тиісті деңгейде ем-дом ала алмай жүргендердің саны артқан. Мысалы, дәрігерлер Нәсіп Байғалиевтің рентген түсірілімін ажырата алмаған.

"Аяғым сынған, оны маған "сіңірің созылған" деген. Айналып келгенде, асық жілігім сынған екен. Сегіз жыл жүрдім. Мен Алматыда, Ақтөбеде, Қызылордада алтын инеде болдым. Саратовқа бардым. Олар 6 ай жатасың, 6 айдың ішінде жасап береміз деді. Жасап берді де "Иди гуляй!" деді" , - дейді науқас Байғалиев.

Шекара асып, ем іздегендердің дені - бір балаға зар болғандар. Асқазаны ауырып, жүйкесі жұқарғандар да, онкологиялық дертке шалдығып, аллергиясы асқынғандар да Ресейге барып жүр екен.

Биыл өңірге 119 жас маман келген. Ал келер жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасы болашақ дәрігерлерді жергілікті бюджет есебінен көбірек оқытуға күш салмақ. Сонымен қатар, оларға арнап, үй мен жатақхана салуды да жоспарлапты. Бірақ бұл жоспардың қаншалықты өміршең болары әзірге белгісіз.